«Қарлығаш» бөбекжай - балабақшасының меңгерушісі Турмаханбетова Дана Байгазиевна «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» жобасы бойынша, аттестаттау қағидаларына енген өзгерістермен таныстырып өтті
1.Педагог үшін «Ұстаз» Платформасы ашылады. Әр педагогтің жеке профилі болатыны өте ыңғайлы. Платформада педагог аттестациядан өтетін мерзімінде өтініш беріп, оның қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауға мүмкіндік беріледі.Сонымен қатар, педагогтің уақытты үнемделеді. Педагог қызметін объективті бағалауда әділдік болады. Деректерді автоматты түрде жинау және кейбір деректерді қолмен енгізу функциясы болады. Бұл платформа педагогті өзін - өзі дамытуға ынталандырады.
2.Педагог уақытша еңбекке жарамсыз болса, декреттік демалысқа шықса немесе білім беру ұйымынан мемлекеттік органдарға немесе әдістемелік кабинетке ауысса, онда оның біліктілік санатының қолдану мерзімі 2 жылға дейін (бұрын 1 жыл) ұзартылады;
3.Педагог портфолиясы электрондық форматта ұсынылады;
4.Жасы зейнеткерлікке төрт жылдан аз қалған педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады.
5.Тағайындалған біліктілік санаты оның берген өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады.
6.Біліктілік санатын растау кезінде «Педагог шебер» немесе 30 және одaн да көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық лауазымдардың педагогтері ПББ тапсырудан босатылады, қызмет нәтижелерінің кешенді жинақтаудан өтеді;